Accessibility links

Мәжіліс қылмыстық кодекс жобасын мақұлдады


Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет)

Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет)

Қазақстан парламенті мәжілісі қылмыстық кодексі жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады.

Мәжілістің заңнамалар және сот-құқықтық реформалар комитетінің тұжырымы бойынша, қылмыстық кодекс жобасында ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын-алу арқылы ауыр қылмыстарды азайту көзделген.

Кодекс жобасында экстремизм мен терроризмге қатысты жауапкершілік қатаңдатылып, радикалды идеологияларды таратуға ықпал ететін әрекеттерге қылмыстық жаза қолдану көзделген.

Сонымен бірге қылмыстық кодекс жобасында қылмыс жасағандарға айыппұлдар салу, түзеу және қоғамдық жұмыстарға тарту, бостандығын шектеу амалдары арқылы түрмелерде жазаларын өтеп жатқандардың санын азайту жайлы да жазылған.
XS
SM
MD
LG