Accessibility links

Брахими: Сирия келіссөзінен әзірге нәтиже жоқ


БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша өкілі Лахдар Брахими баспасөз жиыны кезінде. Женева, 28 қаңтар 2014 жыл.

БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша өкілі Лахдар Брахими баспасөз жиыны кезінде. Женева, 28 қаңтар 2014 жыл.

БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша өкілі Лахдар Брахими бұл елдегі дағдарысты шешу жөніндегі Сирия билігі мен оппозициясы арасындағы келіссөздердің алғашқы кезеңінен қандай да бір маңызды нәтиже күтпейтінін мәлімдеді.

Брахими 29 қаңтарда, Швейцариядағы келіссөздердің аяқталуына екі күн қалғанда келіссөздердің әзірге нәтижесіз бітетіні күтпеген нәрсе болмағанын, екі жақ арасында "үлкен келіспеушілік" барын айтты. Соған қарамастан тараптар диалогты жалғастыра беруге дайын екенін білдірген. Брахими Ресей мен АҚШ келіспеушіліктерді жоюға септеседі деген үмітін білдірді.

Сирия билігі мен оппозициясының өкілдері президент Башар Асадтың келіссөздердегі рөлі қандай болмақ деген мәселеге келісе алмай жатыр. Оппозиция "Башар Асад биліктен кетіп, уақытша үкімет құрамына кірмеуі тиіс" деп санайды. Бірақ ресми Дамаск "Асадтың отставкаға кетуі мүмкін емес" дейді.

Сирия бейбіт келіссөздерінің келесі кезеңі қашан өтетіні әлі шешілген жоқ.
XS
SM
MD
LG