Accessibility links

Украинадағы рақымшылық


Украина Жоғарғы Радасы сәрсенбі күні түнге қарай ұзақ талқылаудан кейін жаппай наразылық акциялары кезінде ұсталғандарға рақымшылық жасау туралы заң жобасын мақұлдады. Биліктегі «Аймақтар партиясының» депутаты Юрий Мирошниченко дайындаған заң жобасын 232 депутат қолдап дауыс берді. Құжат қабылдануы үшін кемінде 226 депутат қолдап дауыс беруі тиіс болатын. Дауыс беру басталар алдында парламентке ел президенті Виктор Янукович келген еді. Оппозициялық «Батькивщина», «УДАР» және «Свобода» партияларының депутаттары бұл құжаттың қабылдануына түбегейлі қарсы болды. Мирошниченконың айтуынша, жобада рақымшылық жасау үшін демонстранттарға жалғыз шарт бар – олар басып алған әкімшілік ғимараттарын босатуы тиіс. Сонымен бірге жобада ауыр қылмыс жасағандарға рақымшылық жасалмайтыны айтылған.

XS
SM
MD
LG