Accessibility links

АҚШ экономиканы ынталандыруды бәсеңдетпек


АҚШ федералдық резервтер жүйесінің басшысы Джанет Йеллен. Вашингтон, 9 қазан 2013 жыл.

АҚШ федералдық резервтер жүйесінің басшысы Джанет Йеллен. Вашингтон, 9 қазан 2013 жыл.

Ақпан айынан бастап АҚШ-тың федералдық резерв жүйесі бағалы қағаздарды сатып алу көлемін 10 миллиард долларға азайтатын болды. Енді федералдық резерв жүйесі ай сайын сатып алатын бағалы қағаздар құны 65 миллиард АҚШ долларын құрамақ. Бұл туралы шешім 29 қаңтарда федералдық резервтер жүйесінің ашық нарықтағы операциялар комитетінің отырысында қабылданды.

АҚШ-тың орталық банкі қызметін атқаратын федералдық резервтер жүйесі монетарлық ынталандыру көлемін қысқарту шешімін ел экономикасы өсімінің артуымен және инфляция деңгейінің төмендігімен түсіндіреді.

Федералдық резервтер жүйесінің шешімі АҚШ қор биржаларына оң әсер ете қоймады.

Осы хабардан соң 29 қаңтарда АҚШ-тағы, 30 қаңтарда Азиядағы жетекші қор биржаларында индекстер бағамы күрт төмендеп кетті.
XS
SM
MD
LG