Accessibility links

Еуропа елдері Украинадағы жағдайға алаңдайды


Шерушілер баррикадаларында демалып жатыр. Киев, 29 қаңтар 2014 жыл.

Шерушілер баррикадаларында демалып жатыр. Киев, 29 қаңтар 2014 жыл.

Еуропадағы "Вишеград тобы" деген атпен белгілі бұрынғы социалистік төрт ел - Чехия, Венгрия, Польша және Словакия көршілес Украинадағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, мәлімдеме жасады.

Төрт елдің премьер-министрлері 29 қаңтарда Будапештегі кездесуде бірлесіп жасаған мәлімдемесінде Украинада зорлық-зомбылықтың басылмай отырғанын айтып, саяси дағдарыстың бұдан ары шиеленісуі "Украинаның болашағына қауіп төндіріп, елді тұтас тұрақсыздық жайлауына әкеп соқтырады" деп ескерткен.

Төрт ел басшылары Украинадағы оқиғаларға "экстремистік топтардың да араласып отырғанына" алаңдайтындарын айтқан. Олар "шынайы әрі мағыналы диалог қана дағдарыстан шығу жолын көрсете алады" дейді.
XS
SM
MD
LG