Accessibility links

Шығыс Қазақстанда кеншілер наразылық танытып жатыр


Кенші. (Көрнекі сурет).

Кенші. (Көрнекі сурет).

Шығыс Қазақстан облысында «Қазақмыс» тобының Артемьев кенішінің жүзге жуық жұмысшысы жер астындағы кен орнынан сыртқа шығудан бас тартты.

Жұмысшылар техникалық қауіпсіздіктің сақталмауына, жалақының дұрыс төленбеуіне наразылық білдірді. Кеншілер техникалық қауіпсіздік ережелерін қайта қарауды, жұмыс істеуге мүмкіндік жасап, жуынатын және киім-кешек ауыстыратын бөлмелерді реттеуді де талап еткен.

Қазір наразылық білдірген жұмысшылар мен кен басшылығы, кәсіподақ, жергілікті басқару орындары келіссөз жүргізіп жатыр.

Артемьев кен орны 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка ауылына маңында ашылған. Мұнда 1 мың 100-ге жуық адам жұмыс істейді. Кеніш жылына 1,5 миллион тонна кен (мыс, мырыш) өндіреді.

«Қазақмыс» – Қазақстанда 18 кеніші, 10 кен байыту фабрикасы, 2 мыс балқыту өндірістік кешені және 60 мыңдай жұмысшысы бар компания.
XS
SM
MD
LG