Accessibility links

Қырғызстан мүфтиі гейлерге қарсы пәтуа шығарды


Қырғызстан бас мүфтиі Мақсат қажы Токтомушев.
Қырғызстан бас мүфтиі Мақсат қажы Токтомушев.
Қырғызстан бас мүфтиі Мақсат қажы Токтомушев Human Rights Watch ұйымының таяуда Қырғызстандағы гейлердің құқығы туралы жариялаған есебіне жауап ретінде бір жынысты қарым-қатынасқа қарсы пәтуа шығарды.

Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының сайтында жарияланған мәлімдемеде ислам дінінде бір жынысты адамдар арасында жыныстық байланыс орнатуға тыйым салынатыны айтылған.

HRW есебінде Қырғызстанда милиционерлердің гейлер мен бисексуалдарды заңсыз ұстап, ұрып-соғатынын және оларды бопсалап ақша сұрайтынын айтып, Қырғызстан билігін гейлерді қорғауға шақырған. Мүфтий бұған жауап ретінде үкімет пен парламентті "гуманистік идеялар арқылы әлеуметтік алауыздыққа арандататын қоғамдық ұйымдардың қызметіне ерекше назар аударуға" шақырады.

Қырғызстанда 1998 жылдан бастап гомосексуализм қылмыстық іс-әрекет саналмайды.
XS
SM
MD
LG