Accessibility links

АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі басшысы тағайындалды


АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің басшысы болып тағайындалған Майкл Роджерс.
АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің басшысы болып тағайындалған Майкл Роджерс.
АҚШ президенті Барак Обама әскери-теңіз күштерінің вице-адмиралы Майкл Роджерсті ұлттық қауіпсіздік агенттігінің басшысы етіп тағайындады.

Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің қазіргі басшысы Кейт Александр наурыз айында отставка кетпек.

Вице-адмирал Майкл Роджерс АҚШ әскери-теңіз күштерінің кибер бөлімін басқарады және шифрлау саласының маманы.

Осы апта басында Washington Post басылымы Барак Обама Роджерспен оны қызметке тағайындау туралы кеңескенін хабарлаған еді.

АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгель Роджерстің "Ұлттық қауіпсіздік агенттігі өз миссиясы мен президенттің реформаларын қатар атқарып отырған шешуші сәтте тағайындалғанын" айтады. Хейгель Роджерсті "дамыған технология заманында қауіпсіздік, жеке адам өмірі мен еркіндік талаптарының тепе-теңдігін сақтай алуға қабілетті" деп сипаттады.

АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден былтыр агенттіктің америкалықтар мен шетел үкіметтерінің телефон және электронды байланыстарын аңдитын бағдарламасы барын әшкерелегеннен кейін көп сынға ұшыраған еді.
XS
SM
MD
LG