Accessibility links

Қытай жаңа жылы


Қаңтардың 31-іне қараған түні Қытайда ұлттық күнтізбеге сәйкес жаңа – Жылқы жылын қарсы алуға байланысты мерекелік шаралар басталды. Ежелден келе жатқан салт-дәстүрге сай, тұрғындар жылқы жылы табысты жыл болады деп сенеді. Қытай астанасындағы көне діни ғимараттардың бірі Байюнь (Ақ бұлт) ғибадатханасына келушілер хош иісті шырақ жағып, жаңа жылда жақсылық болуын тілеп мінәжат қылып, ғибадатхана аумағындағы көпір астында ілулі тұрған үлкен қоңырауды көздеп тиындар лақтырды. Аңыз бойынша, егер тиын дәл тисе, лақтырған адамның арман-тілегі орындалады. Пекин, 31 қаңтар 2014 жыл.

XS
SM
MD
LG