Accessibility links

Қазақстан мен Ресей Сарышағанды бірге пайдаланбақ


"Тополь" сынағы туралы Facebook желісіндегі Казакская орда қолданушысының демотиваторы.

"Тополь" сынағы туралы Facebook желісіндегі Казакская орда қолданушысының демотиваторы.

Қазақстан мен Ресей Балқаштағы Сарышаған полигонын бірлесе пайдалану туралы келісім жасасты. Бұл туралы бүгін Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Астанада Қазақстан қорғаныс минстрі Әділбек Жақсыбековпен кездескен соң мәлімдеді.

"Біз полигонды бірлесе пайдалану жұмыстарын бастауға келістік. Бұл үшін биыл мамандарды даярлауды, қосымша құрал-жабдықтарды жеткізіп, монтаждауды бастауымыз керек" деді Шойгу.

Ол бұған қоса Қазақстан мен Ресей аймақтық қауіп-қатерге қарсы тұру үшін бірлескен әскери жаттығуларды өткізіп тұруға да келіскенін айтты.

1996 жылы Қазақстан және Ресей үкіметі жасаған келісімге сәйкес, Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонының жарты бөлігі Ресейге жалға берілген еді. Ал жарты бөлігі – Қазақстанның иелігінде. Жыл сайын бұл полигонда Ресей мен Қазақстанның қорғаныс министрліктері әскери сынақтар өткізіп тұрады.

Ресей бұған дейін 2012 жылы қазанда, ал былтыр екі рет - қазан және желтоқсан айларында Сарышағандағы нысананы құрлықаралық баллистикалық зымыранмен көздеп атып, сынақ өткізген еді.
XS
SM
MD
LG