Accessibility links

Астанада "Протонға" наразы белсенді ұсталды


Астана қаласының картасы. (Көрнекі сурет)

Астана қаласының картасы. (Көрнекі сурет)

Бүгін Астанада "Қазғарыш" агенттігінің алдында Байқоңырдан Ресейдің "Протон-М" зымырандарының ұшырылуына қарсы жалғыз адамдық акцияға шыққан белсенді Ұларбек Дәлейді полиция ұстап әкетті.

Байқоңырдан "Протон-М" зымыранын ұшыруға және онда гептил отынын пайдалануға қарсылық акцияларының өтіп жатқанына үш апта болды. "Антигептил" қозғалысы өкілдерінің айтуынша, үш аптада 14 адам жалғыз адамдық наразылық акциясына шыққан. Олардың кейбіріне айыппұлдар салынып, кейбірін полиция ұстаған соң, кейін босатқан.

"Антигептил" қозғалысы ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы 2013 жылы 2 шілдеде Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшыраған соң құрылған.
XS
SM
MD
LG