Accessibility links

Ұлыбританияда атом зауыты жұмысы бәсеңдеді


"Селлафилд" атом зауытының сырт көрінісі, Ұлыбритания. Көрнекі сурет.

"Селлафилд" атом зауытының сырт көрінісі, Ұлыбритания. Көрнекі сурет.

Ұлыбританияның солтүстік-шығысындағы "Селлафилд" атом зауыты ондағы радиация деңгейі қалыпты мөлшерден асып кеткені анықталған соң ішінара қызметін тоқтатты.

"Селлафилд" компаниясының басшылығы бүгін реакторлардың бірінде радиация деңгейінің қалыпты мөлшерден жоғары екені анықталып, зауыт қауіпсіздік мақсатында жұмыс өнімділігін азайтқанын хабарлады. Зауыт операторлары радиация деңгейі зауыт маңындағы радиация деңгейінен жоғары екенін, бірақ зауыт жұмысын тоқтатып тастайтындай тым артық емес екенін айтады.

Ұлыбританияның энергетика министрлігі зауыттағы радиация деңгейінің артып кетуі алаңдайтындай жағдайда емес деп мәлімдеді.

"Селлафилд" зауыты өткен ғасырдың ортасында салынған. Зауытта бұған дейін плутоний, атом электр станциясына қажетті отын өндіріліп келген. Мұнда 1956-1983 жылдары атом электр станциясы жұмыс істеген.
XS
SM
MD
LG