Accessibility links

Пәкістандағы атыста төрт күдікті оққа ұшқан


Сваби округінде жарылыс болған жерде тұрған адамдар. Пәкістан, 7 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Сваби округінде жарылыс болған жерде тұрған адамдар. Пәкістан, 7 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында полиция күшімен болған атыста төрт күдікті қаза тапқан.

Жергілікті полиция өкілінің Азаттық радиосына хабарлауынша, Сваби округінде экстремистерге қарсы операция кезінде полиция тобына қарулы адамдар шабуыл жасаған. Бір сағатқа уақыт жалғасқан атыстан соң полиция көп мөлшерде қару-жарақ пен оқ-дәріні қолға түсірген.

Соңғы айларда Сваби округінде қауіпсіздік күштері мен тұрғындар арасында полиомелитке қарсы вакцинация жасап жүрген гуманитарлық миссия қызметкерлеріне қарулы топтар бірнеше рет шабуылдаған еді. Бұл шабуылдар үшін жауапкершілікті Талибан қозғалысы өз мойнына алған.
XS
SM
MD
LG