Accessibility links

WSJ: Обама Сауд Арабиясына барады


АҚШ президенті Барак Обама (оң жақта) мен Сауд Арабиясының королі Абдолла. Вашингтон, 29 маусым 2010 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама (оң жақта) мен Сауд Арабиясының королі Абдолла. Вашингтон, 29 маусым 2010 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама наурыз айында Сауд Арабиясына сапармен барады деп хабарлады Wall Street Journal.

Сауд Арабиясы билігі өкіліне сілтеме жасаған басылым Ақ үй басшысы алдағы сапарында Сауд Арабиясының королі Абдолламен кездесіп, АҚШ-тың Иран мен Сирияға қатысты ұстанға саясатына байланысты екі елдің арасындағы түйіткілді мәселелерді талқыламақшы екенін жазады.

Ресми Вашингтон бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ. Бұған дейін президент Обама Сауд Арабиясына 2009 жылы сапармен барған еді.

Сүнниттік исламның консервативті формасы – салафизмді ұстанатын король әулеті басқаратын Сауд Арабиясы шииттер басқаратын Иранмен бұрыннан бақталас ел. Сауд Арабиясы корольдік құрылған 1932 жылдан бері АҚШ-тың одақтасы саналады.
XS
SM
MD
LG