Accessibility links

Бангкоктегі қақтығыста бес адамға оқ тиген


Таиландта үкіметке қарсы шеру кезінде болған жарылыстан жарақаттанған адамға болысып жатыр. Бангкок, 17 қаңтар 2014 жыл.

Таиландта үкіметке қарсы шеру кезінде болған жарылыстан жарақаттанған адамға болысып жатыр. Бангкок, 17 қаңтар 2014 жыл.

Бүгін Таиланд астанасында билікке наразылық танытушылар мен билікті қолдаушылар арасындағы қақтығыста қарудан оқ атылып, бес адам жараланған.

Премьер-министр Йинглак Чинаваттың биліктен біржолата кетуін талап етіп шеруге шыққандар мен үкіметті жақтаушылар алғашында бір біріне тас пен петардалар лақтырған. Наразылық білдірушілер сайлауда дауыс беруге арналған жәшіктер сақталатын мекеме жанына жеткенде қарудан оқ атылып, салдарынан кемінде бес адам жараланған.

Былтыр қараша айынан бастап үкіметке наразылық акциясы жалғасып жатқан Таиландта ақпанның 2-іне кезектен тыс сайлау өткізу белгіленген. Бірақ бұл сайлаудың әділ өтетіндігіне күмән келтірген елдегі негізгі оппозициялық партия оған бойкот жариялаған.

Оппозиция Йинглак Чинаваттың үкіметін оның ағасы, экс-премьер Таксин Чинават бақылайды деп айыптайды. Қазір шетелде тұратын Таксин Чинаваттың үстінен Таиландта «коррупциялық әрекеттер жасаған» және «қызмет өкілетін теріс пайдаланған» деген айыптар тағылып, іс қозғалған.
XS
SM
MD
LG