Accessibility links

Ауғанстанда президенттік сайлау науқаны басталды


Президент кампаниясының басталуы шарасына жиналған ауған азаматтары. Кабул, 2 ақпан 2014 жыл..

Президент кампаниясының басталуы шарасына жиналған ауған азаматтары. Кабул, 2 ақпан 2014 жыл..

Бүгіннен бастап Ауғанстанда ресми түрде президент сайлауы кампаниясы басталады. Ол сайлауға дауыс беруге дейін, яғни екі ай уақыт жалғасады.

2001 жылы АҚШ бастаған халықаралық коалициялық күштер Ауғанстанға еніп, Талибан билігін кетірген соң, Хамид Қарзай Ауғанстан президенті болып қатарынан екі мәрте сайланған еді. Конституция бойынша, бір адам екі мерзімнен артық президент болып сайлана алмайды.

Президенттікке үміткерлер тізімінде 11 адам тіркелген. Бірақ сарапшылар олардың арасында көпшіліктің қолдауына ие болып, сайлаудың бірінші кезеңінде жеңіске жете алар тұлға болмай отырғанын айтады. Жаңадан сайланатын президентке биылғы жылдың соңында НАТО әскері Ауғанстаннан кеткен соң билікті уыстан шығарып алмау сын болмақ.

Сенбі күні президенттікке негізгі кандидаттардың бірі – бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулланың екі көмекшісін қарулы адамдар өлтіріп кетті. Абдулла Абдулла бұның алдындағы – 2009 жылы өткен президент сайлауында екінші орын алған еді.
XS
SM
MD
LG