Accessibility links

АҚШ пен Иран сыртқы істер министрлері кездесті


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) мен Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф. Женева, 24 қараша 2013 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) мен Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф. Женева, 24 қараша 2013 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф бүгін Мюнхенде қауіпсіздік мәселелеріне арналған халықаралық конференция аясында кездескен.

Екеуара әңгіме Иран мен батыс елдері өкілдерінің арасында жүріп жатқан келіссөздердің осы айда өтетін кезекті бөлігі жайлы өрбіген.

АҚШ мемлекеттік департаментінің аты-жөнін атамаған өкілінің айтуынша, кездесуде Керри «Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер жүріп жатқан кезде Вашингтон Тегеранға қарсы санкцияларды қазіргі қалпында қолдана беретінін айқын аңғартқан».

Былтыр 24 қарашада Иран және «алтылық елдері» (АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Ресей, Германия) арасында жасалған келісімге сәйкес, Тегеран уран байытуды алты айға тоқтатуға және өзінің ядролық нысандарына халықаралық бақылаушыларды жіберуге, ал Батыс елдері мен халықаралық қауымдастық бұл елге салынған қаржы-экономикалық санкцияларды жұмсартуға уағдаласқан еді.

Келіссөздердің келесі бөлігі 18 ақпанда Венада өтпекші.
XS
SM
MD
LG