Accessibility links

Парижде аборт пен біржынысты некеге қарсы шеру өтті


Франциядағы гейлерге қарсы шеру. Париж, 24 наурыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Франциядағы гейлерге қарсы шеру. Париж, 24 наурыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

2 қаңтар күні Парижде он мыңдаған адам аборт пен біржынысты некеге рұқсат ететін жаңа заңға қарсы шеруге шықты. Демонстранттар президент Франсуа Олландты "дәстүрлі отбасыға қарсы" деп айыптады.

Француз полициясының мәліметіне қарағанда, шеруге шамамен 80 мыңға тарта адам шыққан. Бірақ шеруді ұйымдастырушылар "адам одан әлдеқайда көп болды" дейді. Парижбен қатар Лионда да осы күні 20 мыңға жуық адам наразылық білдірді.

Шерушілердің бірі "қоғам өзін дамытқан институттарынан (дәстүрлі отбасы - ред.) айырыла бастады" дейді.

Бұдан бір апта бұрын Парижде мыңдаған адам Франсуа Олланд үкіметіне наразылық танытып, көшеге шыққан еді.
XS
SM
MD
LG