Accessibility links

Қаcкелеңде Өтембаевтың соты жалғасты


"Алтынбек Сәрсенбайұлы мен көмекшілерін өлтіруге тапсырыс беруші" ретінде сотталған Ержан Өтембаев. 22 қаңтар 2014 жыл.
"Алтынбек Сәрсенбайұлы мен көмекшілерін өлтіруге тапсырыс беруші" ретінде сотталған Ержан Өтембаев. 22 қаңтар 2014 жыл.
Алматы облысының Қаскелең қаласында оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты сот отырысы жалғасты.

Сотта сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі, "Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі серігін өлтіруге айдап салды" деп айыпталған Ержан Өтембаевқа үкім оқылмақ.

Бұған дейін жоғарғы сот саясаткер мен оның серіктерін "өлтіруге тапсырыс берді" деп 20 жылға сотталған Өтембаевқа шығарылған алғашқы үкімді ішінара жойып, істі қайта қарау жіберген еді. Сот 22 қаңтарда басталған.
XS
SM
MD
LG