Accessibility links

Сирия оппозициясы үкіметті айыптады


Алеппода шабуылдардан жараланған тұрғындардың бірі. Сирия, 29 қаңтар 2014 жыл.

Алеппода шабуылдардан жараланған тұрғындардың бірі. Сирия, 29 қаңтар 2014 жыл.

Сирия оппозициясының белсенділері үкімет әскерін "1 ақпанда Алеппо қаласына әуеден шабуылдау кезінде 90 адамның қазасына, оның ішінде балалардың өліміне себеп болды" деп айыптады.

Лондонда орналасқан сириялық адам құқықтарын қорғау ұйымының деректері бойынша, тек 1 ақпанның өзінде ғана Сирияда 300-ден астам адам мерт болған. Алеппода үкімет әскері қаланың тұрғын үйлер орналасқан аумағына тікұшақтан жарылғыш заттары бар бөшкелер тастаған.

Алеппода үкімет әскерінің шабуылына қоса түрлі исламшыл топтар арасында да қақтығыстар жүріп жатыр.

Құқық қорғаушылардың ақпаратына қарағанда, "Әл-Қаидамен" байланысты "Ирак және Левант ислам мемлекеті" тобының жауынгерлері "Таухид бригадасы" тобына шабуылдап, оның жетекшісі Аднан Баккурды өлтірген.
XS
SM
MD
LG