Accessibility links

"Әл-Қаида": Сириядағы бөлімнің бірімен байланысты үземіз


"Әл-Қаида" басшысы Айман әл-Зауахири.
"Әл-Қаида" басшысы Айман әл-Зауахири.
"Әл-Қаида" ұйымы Сирияда соғысып жатқан бөлімшелерінің бірі - "Ирак және Левант ислам мемлекеті" тобымен барлық байланысын үзеді" деп мәлімдеді "Әл-Қаида" интернетте жариялаған мәлімдемесінде.

"Әл-Қаиданың" мәлімдеуінше, "Ирак және Левант ислам мемлекеті" тобы ұйым басшысы Айман әл-Зауахиридің бұйрықтарына бағынудан бас тартқан. Мәлімдеменің қаншалықты рас екені әзірге белгісіз. Бірақ ол "Әл-Қаида" жиі қолданатын веб-сайтта жарияланып отыр.

Сарапшылар мәлімдемені "Әл-Қаиданың" Сирияда соғысып жүрген қарулы исламшыл топтарға билігін орнату әрекеті деп бағалайды.

"Әл-Қаида" басшысы Айман әл-Зауахири өткен жылы мамырда "Ирак және Левант ислам мемлекеті" тобына Сирияда соғысып жүрген тағы бір бөлімшесі "Әл-Нусра майданы" тобынан бөлек әрекет етуге бұйырған. Бірақ "Әл-Нусра майданы" мен өз тобын біріктіргісі келетін "Ирак және Левант ислам мемлекетінің" жетекшісі Абу Бакр әл-Бағдади бұл талапты қабылдамай қойған.
XS
SM
MD
LG