Accessibility links

Мәскеуде кепілге алынған оқушылар босатылды


Полиция мектептегі адамдарды қауіпсіз жаққа шығарып жатыр. Мәскеу, 3 ақпан 2014 жыл.

Полиция мектептегі адамдарды қауіпсіз жаққа шығарып жатыр. Мәскеу, 3 ақпан 2014 жыл.

Мәскеу маңындағы 263-мектепте кепілге алынған бірнеше оқушы босатылып, кепілге алушы "зарарсыздандырылған".

Ресей ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, оқушыларды кепілге алған адам сол мектептің жоғары сынып оқушыларының бірі болған. Оның қолға түскені я көзі жойылғаны белгісіз.

Төтенше оқиғадан зардап шеккендер туралы мәліметтер әр түрлі. Кейбір деректер бойынша, оқиғадан бір полицей қаза тауып, бір полицей жараланған. Басқа ақпарат қөздері екі полицей жараланғанын айтады.

Кепілге алынғандардың ешқайсысы зардап шекпеген.
XS
SM
MD
LG