Accessibility links

2013 жылы 500-ге жуық діни ұйым жабылған


Сәтбаев қаласындағы мешіт. Көрнекі сурет.

Сәтбаев қаласындағы мешіт. Көрнекі сурет.

Қазақстанда 2013 жылы тіркеуден өтпеген 500-ге тарта діни ұйымдар мен бірлестіктердің қызметі сот шешімімен тоқтатылды деп хабарлады дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілханов.

Оның айтуынша, өткен жылы қайта тіркеуден өтпеген діни ұйымдарды жою жұмыстары аяқталып, 500-ге тарта діни бірлестік таратылған.

2011 жылдың соңында қабылданған діни ұйымдарды қайта тіркеу туралы заң бойынша Қазақстандағы барлық діни ұйымдар қайта тіркеуден өтуі тиіс болған. Ресми дерек бойынша, қайта тіркеу процесі аяқталған соң Қазақстандағы діни ұйымдар саны 4551-ден 3088-ге дейін, ал діни конфессиялар саны 46-дан 17-ге дейін азайған.
XS
SM
MD
LG