Accessibility links

Гагаузия халқы Кеден Одағына қосылуды жақтады


Молдова картасындағы күлгін түспен көрсетілген аумақ – Гагаузия аймағы.
Молдова картасындағы күлгін түспен көрсетілген аумақ – Гагаузия аймағы.
Молдованың оңтүстігіндегі автономиялық Гагаузия аймағында 2 ақпанда өткен референдумда тұрғындардың көпшілігі Кеден Одағына қосылуды жақтап дауыс берді.

Гагаузия орталық сайлау комиссиясының басшысы Валентина Лисник 3 ақпанда референдумда дауыс берген тұрғындардың 98,4 пайызы Кеден Одағына қосылуды, тек 2,7 пайызы Еуропа Одағымен интеграциялануды қолдағанын мәлімдеді. Бұдан өзге, референдумда дауыс берушілердің 98,9 пайызы Молдова егемендігінен айырылған жағдайда Гагаузияның өз тәуелсіздігін жариялауын қолдаған.

Сайлауға дауыс беру құқығы бар адамдардың 70 пайыздан астамы қатысқан.

Гагаузияда 155 мыңдай адам тұрады. Гагаузияны мекендейтін этникалық түркілер орыс тілінде сөйлеп, православтық христиан дінін ұстанады. Жергілікті халықтың көбі «Кишинев Еуропа Одағына кіреміз деп Молдованы көрші Румынияға қоспақ» деп күдіктенеді.

Референдум қарсаңында Азаттықтың Молдова қызметіне сұхбат берген Гагаузия басшысы Михаил Формузал Ресей ықпалындағы Кеден Одағына қосылуды құп көретінін жасырмаған.

Молдова билігі Гагаузиядағы референдумның алдын алуға барынша тырысып баққан еді. Кишинев бұл шараны аймақтың өз алдына бөлек аумақ ретінде бөлінуі деп қабылдайды.
XS
SM
MD
LG