Accessibility links

Нельсон Манделаның өсиеті жарияланды


Нельсон Мандела.

Нельсон Мандела.

Йоханнесбургте 3 ақпан күні Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы президенті Нельсон Манделаның өсиеті жарияланды. Манделаның өсиеті бойынша, оның төрт миллион АҚШ долларынан асатын байлығы отбасы мүшелеріне және біраз бөлігі Африка ұлттық конгресі мен мектептерге бөлініп беріледі.

Сот орындарының хабарлауынша, Манделаның мұрасын бөлуге оның отбасы мүшелерінің ешқайсысы қарсы болмаған. Ал Манделаның үшінші әйелі Граса Мачел мұрагерлік үлестен бас тартуы мүмкін.

Нельсон Мандела 2013 жылы желтоқсан айында 95 жасында қайтыс болды. Оның артында Йоханнесбургтегі және өзі туған провинциядағы үйлері, бірнеше кітапты сатудан түскен пайдаға ие болу құқығы қалды. Қайтыс боларына дейін Манделаның балалары мен немерелері оның байлығына кім мұрагер болады деген мәселе бойынша жиі дауласып келген.
XS
SM
MD
LG