Accessibility links

Тәжаяқовтың әкесі депутат мандатынан айырылды


Азамат Тәжаяқовтың әкесі Әмір Исмағұлов.

Азамат Тәжаяқовтың әкесі Әмір Исмағұлов.

Бостон марафонындағы жарылыстарға қатысты айыпталып, АҚШ-та қамауда отырған қазақстандық студент Азамат Тәжаяқовтың әкесі Әмір Исмағұлов Атырау қалалық мәслихатының депутаты мандатынан айырылды.

Атырау қалалық мәслихаты аппаратының жетекшісі Қайрат Мәнтенұлы Азаттыққа Әмір Исмағұловтың депутаттық мандатынан айырылғанын растады. Оның айтуынша, Исмағұловтың мандаты 3 ақпан күні тоқтатылған.

Атырау қалалық аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы Алмабек Абдолов жергілікті ақпарат құралдарына Әмір Исмағұловтың тоғыз айдан бері АҚШ-та екенін, ал заң бойынша үш рет аса маңызды себепсіз мәслихат отырысына қатыспаған депутат мандатынан айырылатынын айтқан.

Әмір Исмақұлов бұған дейін "Нұр Отан" партиясының қатарынан да шығарылған еді.

2013 жылы 15 сәуірде Бостондағы марафон кезінде болған жарылыстарға қатысы айыпталған Азамат Тәжаяқов пен тағы бір қазақстандық Диас Қадырбаев АҚШ-та "жарылысқа қатысты тергеу ісіне кедергі келтірді және айғақтарды жасырды" деген айыппен қамауда отыр.
XS
SM
MD
LG