Accessibility links

Йеменде 6 адам жарылыстан мерт болды


Йеменнің картасы. Көрнекі сурет.

Йеменнің картасы. Көрнекі сурет.

Йеменнің астанасы Сана қаласында бүгін әскерилер мінген автобуста жарылыс болып, 6 адам қаза тапты. Полицияның хабарлауынша, жарылыстан 8 адам жараланған, оның үшеуі ауыр халде. Санада кеше де бірнеше жарылыс болған еді.

Йеменде 2011 жылы халық толқулары кезінде президент Әли Абдолла Салех қызметінен кеткеннен бері жарылыстар мен шабуылдар жиілеген.

"Әл-Қаида" ұйымы белсенді әрекет ететін Йеменде тұрақсыздық пен ішкі қақтығыстар өршіп тұр.
XS
SM
MD
LG