Accessibility links

Өртенген "Барахолканы" арнайы жасақ қоршап тұр


Барахолкадағы өрт болып жатқан «Құлагер» базарын қоршап тұрған полиция жасағы. Алматы, 17 қараша 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Барахолкадағы өрт болып жатқан «Құлагер» базарын қоршап тұрған полиция жасағы. Алматы, 17 қараша 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Алматыдағы "Барахолка" атанып кеткен бірнеше базарлар орналасқан ауданындағы өрт шыққан "Юпитер" базары маңына полицияның арнайы жасағы әкелініп жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

"Юпитер" базарында өрт 4 ақпан күні сағат 21 шамасында шыққан еді. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті аумағы 150 шаршы метрді шарпыған өрт екі сағатқа жуық уақытта сөндірілгенін айтқан.

Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісі базар маңының қоршауға алынып, полицияның арнайы жасағы өрт болған базарға ешкімді кіргізбей жатқанын хабарлады. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

Соңғы кездері Алматы базарларында өрт жиілеп кетті. "Барахолкадағы" сауда базарлары шоғырланған жерде бұдан бұрын былтырғы күзден бері төрт рет өрт шықты. Ал желтоқсанның 1-і күні Алматы облысы Қарасай ауданы аумағындағы "Құрдас-7" базарында өрт болған жерден екі адамның жансыз денесі табылғаны хабарланған еді.

Алматы әкімдігі базарларда өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмайтынын айтады. Өртенген базардағы саударгерлер жұмыс орындарын қалпына келтіруді талап еткен.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG