Accessibility links

Астанада "Антигептил" белсендіcі ұсталды


Астанадағы наразылық
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:24 0:00

Қазақстандық белсенді Ұлан Шәмшет. Алматы, 11 сәуір 2010 жыл.

Астанада "Қазғарыш" агенттігінің алдына барып, ресейлік гептил отынын пайдаланатын зымыран тасығыштарының ұшырылуына қарсылығын білдірген "Антигептил" қозғалысының белсендісі Ұлан Шәмшетті полиция ұстап әкетті.

Белсенді "Антигептил" қозғалысының жалғыз адамдық қорытынды акциясын өткізген. Бұған дейін төрт апта бойы жалғасқан қарсылық акциясына осымен жиырма белсенді шықты. Белсенділердің көбін полиция ұстап әкетіп, кейбіріне айыппұлдар салынды.

Бүгінгі қорытынды акцияда "Антигептил" белсенділері наразылық танытуға болмайтынын ескертуге келген прокуратура өкіліне "акцияларға ақпараттық қызығушылықты арттырып, оған қолдау көрсеткені үшін" алғыс хатын тапсырды. Белсенділер осындай алғыс хатты ішкі істер бөлімінің қызметкеріне де тапсырмақ болған еді. Бірақ полицей оны алудан бас тартты.
XS
SM
MD
LG