Accessibility links

Қырғызстанда Құмтөрге қатысты комиссия құрылды


Құмтөр кенішін мемлекет иелігіне қайтаруды талап еткен азаматтар Қаракол-Балықшы арасындағы тас жолды жауып тастады. 4 ақпан 2014 жыл.
Құмтөр кенішін мемлекет иелігіне қайтаруды талап еткен азаматтар Қаракол-Балықшы арасындағы тас жолды жауып тастады. 4 ақпан 2014 жыл.
Бүгін Қырғызстан парламенті Құмтөр алтын кенішін игеріп жатқан канадалық "Центерра Голд" компаниясымен келісім жасайтын бітімгерлік комиссиясын құрды. Оның құрамына парламенттегі барлық франциялардың өкілдері кірді.

Қырғызстан парламенті компаниямен кенішті игеруге қатысты келіссөздерді бірнеше айдан бері жүргізіп келеді.

2003 жылы жасалған әуелгі келісім бойынша Қырғызстан кеніштің 17 пайыз акциясына, "Центерра Голд" 83 пайызына ие болған. 2009 жылы қайта жасалған келісімге сәйкес, қырғыз үкіметінің үлесін 33 пайызға көбейіп, канадалық компания үлесі 67 пайызға дейін азайған.

Қырғызстан үкіметі кеніштегі үлесін 67 пайызға дейін көбейткісі келеді. Бірақ компания басшылығы кеніштегі үлесін 50 пайыздан кемітуге келіспейтіндерін білдірген.

Өткен жылы оппозициялық партиялар мен жергілікті тұрғындар Құмтөр маңында кенішті мемлекет меншігіне қайтаруды талап етіп, бірнеше рет наразылық танытқан.
XS
SM
MD
LG