Accessibility links

Орталық Азияда аяздан 19 адам көз жұмды


Кабулде жауған қалың қар. (Көрнекі сурет)

Кабулде жауған қалың қар. (Көрнекі сурет)

Ауғанстан мен оған көршілес Орталық Азия елдерінде қатты аяз бен ауа-райының қолайсыздығынан кем дегенде 19 адам өлді. Ауғанстанынң солтүстік-батысындағы Джаузджан уәлаяты губернаторы орынбасарының хабарлауынша, қаңтардың 31-і күні жауа бастаған қалың қар 4 ақпанда толастаған. Оның салдарынан 14 адам (арасында бесеуі бала) көз жұмған.

5 ақпанда Ташкент әуежайында қатты бораннан ұшақ ұшу алаңынан шығып кеткен. Бірақ ешкім зардап шеккен жоқ. Осыған ұқсас оқиға Тәжікстанның Куляб қаласында да болды. Тәжікстанда барлық мектептер мен жоғары оқу орындары 10 ақпанға дейін жабылды.

Қырғызстанда қалың түскен қардан қар көшкіні жүре бастады. Одан соңғы күндері 5 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG