Accessibility links

Путин: Сочи олимпиаданы өткізуге дайын


Ресей президенті Владимир Путин (ортада) Сочиде Ресей спортшыларымен бірге жүр. Сочи, 5 ақпан 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (ортада) Сочиде Ресей спортшыларымен бірге жүр. Сочи, 5 ақпан 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин 5 ақпанда Сочидегі олимпиада қалашығына барып, қала олимпиада ойындарын өткізуге дайын деп мәлімдеді. Кеше Сочиге жеткізілген олимпиада алауы әлемді аралап, 65 мың километр қашықтықты басып өтті. Бұл олимпиаданың алауы Солтүстік полюске апарылып, Жер орбитасына да шығарылды.

Олимпиада ойындары қарсаңында Путин оған қатысатын Ресе спортшыларымен кездесіп, ресейліктер оларға үміт артатынын жеткізген. Төрт жыл бұрын Ванкуверде өткен ойындарда ресейлік спортшылар тек үш алтын медаль ғана иеленген еді.

Путиннің мақтағанына қарамастан, көптеген журналистер олимпиада қонақтарын қабылдайтын қонақүйлердің жай-күйін сынап жатыр. Ресми деректер бойынша, олимпиада ойындарын өткізуге 50 милилард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсалған.

Сочи Олимпиадасы 7 ақпанда басталып, 23 ақпанда аяқталады.
XS
SM
MD
LG