Accessibility links

Қазғарыш: Қазақстан биыл үш спутник ұшырады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстан биыл ғарышқа үш спутник ұшыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Ұлттық ғарыш агенттігінің ("Қазғарыш") басшысы Талғат Мұсабаев агенттіктің жиынында мәлімдеді.

"Қазақстан тұңғыш рет бір жылда үш спутник ұшырмақ. Олардың бірі - байланыс, екеуі Жерді қашықтан зонд жасау аппараттары. 2014 жыл "Қазғарыш" үшін қауырт жыл болайын деп тұр" деді Мұсабаев.

Қазақстан 2006 жылы "ҚазСат-1", 2011 жылы "ҚазСат-2" спутнигін ұшырған. Қызмет ету мерзімі он жылға жарамды делінген "ҚазСат-1" екі жылдан кейін істен шығып қалды. "ҚазСат-2" спутнигі қазір бірқалыпты жұмыс істеп тұр.
XS
SM
MD
LG