Accessibility links

Пан Ги Мун гейлерді қудалауды айыптады


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун (ортада) олимпиада алауын ұстап тұр. Сочи, 6 ақпан 2014 жыл.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун (ортада) олимпиада алауын ұстап тұр. Сочи, 6 ақпан 2014 жыл.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун бүгін Сочиде Халықаралық олимпиада комитеті өкілдерінің алдында сөйлеп, дәстүрлі емес жыныстық азшылық өкілдерін кемсітушілік пен оларды қудалауды айыптады.

Пан Ги Мун: "Біз бәріміз лесбилерді, гейлер мен бисексуалдарды және трансгендерлерді қудалауға қарсы үн қосуымыз керек. Біз оларды кемсіту, қудалау және тұтқындауды болдыртпауымыз қажет" деді.

Бұған дейін халықаралық ұйымдар да Ресей билігін былтыр гомосексуализмді насихаттауға тыйым салатын заң қабылдағанына байланысты сынаған.

Жыныстық азшылықтарды қорғаудан бөлек Пан Ги Мун Сочи олимпиадасы кезінде барлық әскери қақтығыстарды тоқтатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG