Accessibility links

FH белсендіні дарға асқан Иранды айыптады


Freedom House ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет)

Freedom House ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет)

Freedom House халықаралық құқыққорғау ұйымы Иранда танымал ақын және белсенді Хашем Шаабаниге өлім жазасы орындалғанын айыптады. Ұйымның мәлімдемесінде 32 жастағы белсендіге өлім жазасы 27 қаңтарда орындалғанын айтылған.

Ислам революциялық трибуналы Хашем Шаабани мен тағы 14 адамды былтыр шілде айында "құдайға қарсы соғыс жүргізді" деп айыптап, өлім жазасына кескен еді. Freedom House Хашем Шаабаниге шығарылған жазаны Иран президенті Хассан Роухани мақұлдағаннан кейін белсендінің дарға асылғанын айтады.

Ұйымның дерегінше, белсенді түрмеде отырған үш жылында қатаң тергеліп, азаптауға ұшыраға. Ұйым белсендінің дарға асылуы Иранның этникалық азшылықтарды аяусыз қудалау саясатын жалғастырып отырғанын және Роуханидің тұсында адам құқықтарының жағдайы жақсармағанын көрсетеді дейді.

Хашем Шаабанидің тегі араб болатын. Ол Иранда араб мәдениеті мен әдебиетін түсіндіруге жәрдемдесетін Диалог институтын құрған.
XS
SM
MD
LG