Accessibility links

"Ақтөбелік жасөспірім қызды өлтіргендер" қатаң жазаланды


Адам өлімі үшін сотталған Сергей Наумцев пен Виктория Савич (кабинада). Ақтөбе, 6 ақпан 2014 жыл

Адам өлімі үшін сотталған Сергей Наумцев пен Виктория Савич (кабинада). Ақтөбе, 6 ақпан 2014 жыл

Бүгін Ақтөбе қалалық соты 14 жастағы Гүлдира Сәкенованың өліміне қатысты айыпталған Сергей Наумцев пен Виктория Савичке үкім шығарды. Судья Мәдина Сисенованың үкіміне сай "жасөспірім қызды айуандықпен өлтірген" Наумцев өмір бойы түрмеде отыратын болды. Ал оның сыбайласы Савичке 25 жылдық жаза кесілді.

Сотталушыларға қылмыстық кодекстің "бұзақылық", "зорлау" және "адам өлтіру" баптары бойынша айып тағылған. Мектеп оқушысын "асқан айуандықпен өлтірді" деп сипатталған екеудің соты жабық түрде өтті.

Былтырғы 10 қазанда Ақтөбенің орталығындағы аулалардың бірінен үлкен жүк сөмкеге салынған оқушы қыздың мәйіті табылған болатын. Ертеңінде 20 және 21 жастағы Виктория Савич пен Сергей Наумцев адам өліміне қатысы бар күдікті ретінде тұтқынға алынған.

Тергеу материалдары бойынша жалдамалы пәтерде бірге тұрып жатқан жігітінің өтініші бойынша «пәк қыз іздеген» Виктория жасөспірім Гүлдира Сәкеновамен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Оқушы қызды пәтерлеріне алдап шақырып алған Сергей Наумцев сол түні оны зорлап, түрлі айуандық жасаған. "Жігітін қызғанған" Виктория оқушыны таң ата буындырып өлтірген.

Сотталушылар соңғы сөзінде өздеріне тағылған айыпты мойындамайтындарын айтты. Үкім шығарылар сәтте залда сотталушылардың туыстары болған жоқ. Жәбірленуші тарап сот үкіміне разы екендерін білдірді.
XS
SM
MD
LG