Accessibility links

Сочи: қазақстандық фристайлшы финалға өтті


Қазақстандық фристайлшы Дарья Рыбалова Сочи олимпиадасының іріктеу жарысы кезінде. Сочи, 6 ақпан 2014 жыл.

Қазақстандық фристайлшы Дарья Рыбалова Сочи олимпиадасының іріктеу жарысы кезінде. Сочи, 6 ақпан 2014 жыл.

Сочи олимпиадасында қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева 6 ақпанда іріктеу кезеңінде алған ұпай саны бойынша финалға өтті.

Фристайлдың могул деп аталатын, тау шаңғысымен қырлы, дөңес жерлермен жүріп өтіп, трамплиннен секіру жарысында Галышева 21,17 ұпай жинады. Ол бұл ұпайымен финалға өткен спортшылар арасында алтыншы орында тұр.

Финалға өткен алғашқы бес спортшының екеуі америкалық, екеуі - канадалық, біреуі - француз азаматы.

Юлия Галышева фристайлдан 2011 жылы Алматыда өткен қысқы Азия ойындарының чемпионы.

Фристайлдан қазақстандық тағы бір спортшы Дарья Рыбалова алғашқы іріктеу жарысында 23 орын алып, финалға өте алмады. Бірақ оның финалға өтуге тағы бір мүмкіндігі бар.
XS
SM
MD
LG