Accessibility links

Қырғызстанда жыныс өзгерту операциясы алғаш рет жасалды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қырғызстан дәрігерлері елде жынысты ауыстыратын алғашқы операцияны сәтті өткізді. Бішкектегі мемлекеттік госпиталь дәрігерлерінің Азаттықтың Қырғыз қызметіне хабарлауынша, өткен жылдың қазан айында Өзбекстаннан келген 25 жастағы жігіт жынысын ауыстырған.

Дәрігерлер әйел тегін иеленіп, жаңа құжаттар алған адам Қырғызстанға медициналық бақылаудан өту үшін бірнеше рет келіп-кеткенін айтады. Аты-жөні жарияланбаған азамат Бішкекке соңғы рет екі апта бұрын барған. Ол қазір өзін жақсы сезінеді дейді дәрігерлер.

Жынысын ауыстырған азамат Өзбекстанда мұндай операцияны жасау мүмкін болмаған соң Бішкекті таңдағанын айтады.

Қазір Бішкектегі ауруханаға жынысын ауыстырғысы келетін 10 адам кеңес алуға жіберілген.
XS
SM
MD
LG