Accessibility links

Қырғызстан "Құмтөр" туралы қарар қабылдады


Қырғызстанның алтын өндірілетін "Құмтөр" кеніші.

Қырғызстанның алтын өндірілетін "Құмтөр" кеніші.

Қырғызстан парламентінің депутаттары елдегі ең ірі "Құмтөр" алтын кенішіне қатысты қарар қабылдады.

"Құмтөр" келісімі бойынша құрылған бітімгерлік комиссиясы дайындаған құжатқа сәйкес, Қырғызстан үкіметі мен кенішті игеруші канадалық "Центерра Голд" компаниясы Қырғызстанда тіркелген бірлескен компания құруы тиіс. Екі тараптың компаниядағы үлесі 2026 жылға дейін 50 пайыздан, яғни екі жаққа тең болып белгіленіп, компания кенішті игеру құқығына ие болады. Ал 2026 жылдан кейін қырғыз үкіметі үлесін 67 пайызға дейін ұлғайта алуы мүмкін.

Енді Қырғызстан үкіметі "Центерра Голдпен" осы қарар бойынша келісім жүргізуі керек.

2003 жылы жасалған алғашқы келісім бойынша Қырғызстан кенішті бақылайтын канадалық компанияның 17 пайыз акциясына ие болған еді. 2009 жылы жаңа келісім жасалып, үкіметтің үлесі 33 пайызға дейін көбейтілген.

Былтыр оппозиция мен жергілікті тұрғындар кенішті мемлекет меншігіне алуды талап етіп, бірнеше рет наразылық акцияларын өткізген еді.
XS
SM
MD
LG