Accessibility links

АҚШ: "Телефон тыңдауға" Ресейдің қатысы бар


АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуланд (ортада) пен АҚШ-тың Украинадағы елшісі Джефф Пайет (оң жақта). Киев, 10 желтоқсан 2013 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуланд (ортада) пен АҚШ-тың Украинадағы елшісі Джефф Пайет (оң жақта). Киев, 10 желтоқсан 2013 жыл.

АҚШ президенті әкімшілігінің баспасөз хатшысы Джей Карни мемлекеттік хатшының көмекшісі Виктория Нуланд пен АҚШ-тың Украинадағы елшісі Джефф Пайеттің телефон әңгімесі делінген жазбаның жарияланып кетуіне Ресейдің қатысы бар болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Интернетте орыс субтитрімен жарияланған, Нуланд пен Пайеттің телефон арқылы әңгімесі делінген аудиожазбада Украинадағы жағдай талқыланады. Әңгіме арасында әйел адам Еуропа Одағының (ЕО) Украинадағы жағдайды реттеудегі іс-әрекеттеріне ашуланғанын бейәдеп сөздермен жеткізеді.

Джей Карни "телефон әңгімесіне" қатысты егжей-тегжейлі айтудан бас тартты. Бірақ ол "жазба Ресей үкіметінің твиттерінде пайда болып таратылғандықтан оны ұйымдастыруда Ресейдің рөлі бар екенін көрсетеді" деді.

Ол Нуландтың ЕО-дағы серіктерімен жұмыс жасайтынын және АҚШ-тың ЕО-мен байланысы "қашанда мықты" екенін айтты.
XS
SM
MD
LG