Accessibility links

Украинада қауіпсіздік қызметіне наразылық танытты


Үкіметке наразылық акциясы. Киев, 23 қаңтар 2014 жыл.

Үкіметке наразылық акциясы. Киев, 23 қаңтар 2014 жыл.

Бүгін Киевтің орталығында жүздеген адам Украина қауіпсіздік қызметінің кеңсесі алдында шеру өткізді. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, наразылар қауіпсіздік қызметінің басшылығынан "Қырым жоғарғы кеңесінің сепаратистік мәлімдемесінің басын ашуды", оппозиционерлердің қудаланып, адамдардың ұрлануына қатысты түсінік беруді талап етті.

Белсенділер қолдарына Украинаның мемлекеттік туларын, оппозициялық "Батькивщина", "УДАР", "Свобода" партияларының туларын ұстап шыққан.

Украина ішкі істер министрлігі 6 ақпанда Кәсіподақтар үйінде жарылыс болып, одан екі адамның жаралануына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді. Ақпараттарға қарағанда, зардап шеккендердің бірі "дәрі-дәрмек" деген жазуы бар қорапты ашқан кезде жарылыс болған.
XS
SM
MD
LG