Accessibility links

Сочи олимпиадасының ашылу салтанаты өтті


Сочи олимпиадасының ашылу салтанатының бір сәті. Ресей, 7 ақпан 2014 жыл.

Сочи олимпиадасының ашылу салтанатының бір сәті. Ресей, 7 ақпан 2014 жыл.

Ақпанның 7-сі күні кешкі сағат 22-де (Астана уақыты - ред.) Сочи олимпиадасының ашылу салтанаты басталды. Бірнеше сағатқа созылған салтанатты шарада Путин қысқы олимпиаданың ресми түрде басталғанын мәлімдеді.

Сочи олимпиадасының ашылу салтанатында ғаламат шоу көрсетілді. Ресей тарихын баяндайтын бір сағаттық шоудан кейін Ресей президенті Владимир Путин қысқы олимпиаданың басталғанын ресми түрде мәлімдеді.

Бұдан соң ресейлік опера әншісі Анна Нетребко 40 мың көрерменнің алдында олимпиада әнұранын орындады. Бұдан соң да бірнеше салтанатты бағдарлама көрсетілдді. Олимпиаданың ашылу салтанатына БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, Қытай басшысы Си Цзиньпин, Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған, Украина президенті Виктор Янукович, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, т.б. мемлекеттердің басшылары қатысты.

Сочи олимпиадасы - тарихтағы ең қымбат, яғни 50 миллиард АҚШ доллары жұмсалған олимпиада. Қазір Сочиде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Олимпиада 23 ақпан күні аяқталады.
XS
SM
MD
LG