Accessibility links

Хаменеи санкциялар босаңсуынан үміт етпейді


Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеидің намаз оқып болуын шенеуніктер күтіп тұр.

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеидің намаз оқып болуын шенеуніктер күтіп тұр.

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи ел шенеуніктеріне "санкциялардың босаңсуынан экономика қалпына келеді деп үміттенбеу керектігін" айтты.

Тегеранда армия офицерлері алдында сөйлеген ол "Экономика қиындықтарын еңсерудің ең ұтымды жолы - елдің ішкі қуатын пайдалану" деген. Ол санкциялардан үміт күтудің бекер екенін мәлімдеген.

Хаменеидің бұл мәлімдемесінен сәл бұрын Иран шенеуніктері "Биліктің МАГАТЭ (Атом энергетикасы бойынша халықаралық агенттік) сұрақтарына жауап беруге әзір" екенін айта бастаған еді.

Иранға келген МАГАТЭ өкілдері Иран билігіне қолайсыз әскери мәселелерді қозғайды деген болжам бар.

Сенбі күні басталған МАГАТЭ мен Иран келіссөздері Тегеран мен әлемдік державалар өкілдерінің кездесуіне 10 күн қалғанда басталды.

Иран ядролық бағдарламасы бойынша уақытша келісім қаңтардан бастап күшіне енген еді.
XS
SM
MD
LG