Accessibility links

Сенбі күні Сауд Арабиясының Медина қаласында қонақ үйлердің бірінде өрт шыққан. Өрт салдарынан 12 адам мерт болып, 100-ден аса адам зардап шеккен.

Билік өкілдері өрт шыққан қонақ үйде 700-дей адам болғаны туралы хабарлады.

Түстен кейін басталған өртті сөндіру жұмыстары бірнеше сағатқа жалғасқан. Билік орындары өрттің неден шыққанын анықталып жатқанын айтады.

Мұсылмандар арасында Медина исламның таралуына айрықша роль атқарған, Меккеден кейінгі екінші қасиетті қала саналады.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG