Accessibility links

Оралда күдікті британ азаматы уақытша қамалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Батыс Қазақстан облысында прокуратураның наразылығы бойынша облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы қалалық соттың шығарған шешімінің күшін жойған соң, ақпанның 7-інде Ұлыбритания азаматы Питер Барух үш тәулік мерзімге уақытша ұстау орнына қамалған. Бұл туралы сенбіде Қазақстанның ресми ақпарат құралдары хабарлаған.

Полиция шетелдік азаматтың үстінен Қазақстан қылмыстық кодексінің 124-бабы (Жас балаларды азғындату) және 273-1-бабы («Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару») бойынша іс қозғағаны айтылып отыр.

Прокуратура енді британ азаматы Питер Барухты тұтқынға алу үшін сот санкциясын сұрамақшы.

Бұған дейін, 5 ақпанда Орал қалалық соты қаңтардың 14-і күні «Шағала» қонақ үйінде жәбірленушінің анасының шағымы бойынша күдікті ретінде ұсталған Питер Барухқа қатысты айғақ заттарды полиция қызметкерлері заңсыз жолмен алған деп тауып, шетелдік азаматтың адвокаты берген арызды қанағаттандырған еді.
XS
SM
MD
LG