Accessibility links

Украинада үкіметке қарсы шерулер өтті


Киевтегі үкіметке қарсы шеру. Украина, 9 ақпан 2014 жыл.

Киевтегі үкіметке қарсы шеру. Украина, 9 ақпан 2014 жыл.

Жексенбі күні Киевтің Тәуелсіздік алаңында ондаған мың адам кезекті рет үкіметке наразылық акциясына шықты. Ұйымдастырушылардың есептеуінше, шеруге шамамен 50 мыңға жуық адам қатысқан. Оппозициялық "УДАР" партиясының жетекшісі Виталий Кличко үкіметті президенттің өкілетін шектеу үшін елде жедел конституциялық реофрмалар жүргізуге шақырды.

Украинада үкіметке қарсы шерулер былтыр қарашада, президент Виктор Янукович Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімге қол қоймаған соң басталған еді. Кейін демонстранттар билікті "коррупцияға жол берді" және "елді дұрыс басқара алмады" деп айыптаған.

Жексенбіде Украина мемлекеттік қауіпсіздік қызметі "елде террористік шабуылдар болуы мүмкін" деп ескерту жасаған еді. Қауіпсіздік қызметі "шабуылдарға негізінен әуежайлар, теміржол және автобус бекеттері, электр станциялары көп ұшырауы мүмкін" деп, антитеррористік құрылымдарға жоғары деңгейдегі әзірлік тәртібі жарияланды.

Украина қауіпсіздік қызметі үкімет ғимараттарын басып алуды да "терроризм" деп бағалайтынын ескертті.
XS
SM
MD
LG