Accessibility links

ЕО өкілі: Боснияға тұрақсыздық қаупі төніп тұр


Сараеводағы наразылық шерулері. Босния, 9 ақпан 2014 жыл.

Сараеводағы наразылық шерулері. Босния, 9 ақпан 2014 жыл.

Еуропа Одағының Босния және Герцеговинадағы жоғарғы өкілі Валентин Инзко егер бұл елде халық толқулары күшейетін болса, Еуропа әскері жіберілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Инзко австриялық Kurier Daily газетіне берген сұхбатында Босниядағы ахуал 1992-1995 жылдардағы әскери қақтығыстар аяқталғаннан бергі уақыт ішінде "ең нашар күйге түскенін" айтқан. Инзконың сөзінше, "зорлық-зомбылық ауқымы Еуропа Одағына шығатындай болса, бұл елге әскер жіберу жайы ойластырылуы мүмкін".

Өткен аптада Боснияда жұмыссыздыққа, кедейшілік пен коррупцияға қарсы жаппай наразылық шаралары өтіп, соңы қақтығыстарға ұласқан еді. Жүздеген адам зардап шегіп, бірнеше қалада, оның ішінде Сараевода үкіметтік ғимараттарға от қойылған.

8 ақпанда шерушілер қарқыны біраз бәсеңсіген. 9 ақпанда наразылық шерулері бейбіт түрде өтті.
XS
SM
MD
LG