Accessibility links

Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында 10 ақпанға қараған түні исламның сопылық бағытын ұстанатын діндарлар жиналған үйге қарулы белгісіз адамдар шабуыл жасап, сегіз адам қаза тапқан.

Жергілікті билік орындарының хабарлауынша, мотоциклге мінген төрт адам әуелі ғимаратқа гранаталар лақтырып, сосын оқ атқан. Құрбан болғандардың арасында балалар мен әйелдер де бар.

Шабуылға жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Пәкістан халқының 95 пайызға жуығы - мұсылмандар. Олардың көпшілігі сопылық бағыт ұстанады. Бұл бағытты ұстанушыларды "нағыз мұсылман" деп санамайтын радикалды сүнниттер тарапынан оларға шабуылдар жиі жасалады.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG