Accessibility links

АҚШ пен Оңтүстік Корея әскери жаттығу өткізбек


Оңтүстік Корея мен АҚШ бірлескен әскери жаттығуынан көрініс. Мамыр, 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Оңтүстік Корея мен АҚШ бірлескен әскери жаттығуынан көрініс. Мамыр, 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
АҚШ пен Оңтүстік Корея 24 ақпан мен 18 сәуір аралығында жыл сайынғы бірлескен әскери жаттығуларын өткізетінін хабарлады.

Бүгін екі ел армиясы қолбасшыларының бірлесе жасаған мәлімдемесінде Солтүстік Корея басшылығына алда болатын жаттығулар туралы ескертілгені айтылған.

Бұған дейін Пхеньян бұл жаттығулар өткен ғасырдың ортасындағы Корей соғысы кезінде ажыраған отбасыларын қайта қауыштыру шараларына кедергі келтіреді деп мәлімдеп, оны өткізуге қарсылық білдірген.

АҚШ мемлекеттік департаменті Солтүстік Корея билігі елге америкалық дипломатты шақырудан екінші рет бас тартқанын растады. АҚШ дипломаты Пхеньянда Солтүстік Кореяда "үкіметке қарсы астыртын шараға қатысты" деп айыпталып, 15 жылға еңбек лагеріне кесілген америкалық Кеннет Бейді босату туралы келіссөздер жүргізу үшін бармақшы болған еді.
XS
SM
MD
LG