Accessibility links

Мәскеуде Ақаевтың бұрынғы күйеу баласы ұсталды


Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың бұрынғы күйеу баласы Әділ Тойғанбаев.
Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың бұрынғы күйеу баласы Әділ Тойғанбаев.
Мәскеуде Интерполдың ордері бойынша Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың бұрынғы күйеу баласы Әділ Тойғанбаев ұсталды. Оның адвокаты Икрамидин Айткуловтың Азаттықтың Қырғыз қызметіне айтуынша, Тойғанбаев Мәскеудегі Шереметьево әуежайынан Еуропаға ұшқалы тұрған жерінен ұсталған.

Тойғанбаев өзін Қырғызстанға экстрадициялау мәселесі шешілгенше екі күнге уақытша қамауға алынды. Адвокат Айткулов Тойғанбаев Бішкекке берілмейді деген сенім білдірді.

Асқар Ақаевтың қызы Бермет Ақаеваның бұрынғы күйеуі Әділ Тойғанбаев -Қазақстан азаматы. Қырғыз үкіметі оны салық төлеуден жалтарды және қаржылық алаяқтық жасады деген күдікпен іздеу жариялаған.

Тойғанбаев өткен жылы Интерполдың сұрауы бойынша Қазақстанда ұсталған еді. Бірақ Қазақстан үкіметі өз азаматтарын үшінші елге экстрадицияламайтынын мәлімдеп, оны қайтарудан бас тартқан.
XS
SM
MD
LG